Шахтинск қаласындағы кітапханада жылдам сканер көмегімен кітаптар цифрландырылуда

02 қараша, 2018, 17:39 3795 Қарағанды облысы
Шахтинск қаласындағы кітапханада жылдам сканер көмегімен кітаптар цифрландырылуда

Сканер бір сағатта 2000 құжатты цифрлық форматқа ауыстыра алады.

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов Шахтинскіге жұмыс сапары барысында жергілікті кітапхана жұмысымен танысты, деп хабарлайды BNews.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кітапхана қызметкерлері жұмыстарында облыстағы бірегей планетарлық сканерді қолданады, бұл құрылғы кітаптарды қысқа мерзімде цифрлауға мүмкіндік береді. 

"Бір құжатты цифрлауға ол 0,3 секунд уақыт жұмсайды. Бір сағатта 2000 құжатты цифрлық форматқа ауыстыруға болады. Бұрындары, осыншама бетті өңдеу үшін бір ай уақыт қажет болар еді. Біздің қорда сирек кездесетін кітаптар бар, оның ішінде біз саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайына беретін басылымдар бар", - деді кітапхана директоры Ирина Калинина. 

Коворкинг - орталыққа студенттер мен оқушылар келеді. Шахтинск қаласындағы кітапхана көру мүмкіндігі шектеулі оқырмандар үшін де жабдықталған. Мұнда Қарағанды облыстық зағиптарға арналған кітапхананың филиалы орналасқан. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар