Шардаралық мүмкіндігі шектеулі азаматтар зиярат етуге аттанды - Жаңалықтар | BNews

Шардаралық мүмкіндігі шектеулі азаматтар зиярат етуге аттанды

Шардаралық мүмкіндігі шектеулі азаматтар зиярат етуге аттанды

Оңтүстікте Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан туындаған «Туған жер» бағдарламасына қатысты түрлі іс-шаралар өтуде. Туған жердің тарихын танытып, сүйіспеншілік сезімін оятатын іс-шаралардан мүгедек жандар да шет қалып жатқан жоқ.

Таяуда Шардара ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен бір топ мүмкіндігі шектеулі азаматтар Шардарадан Арыстанбаб пен Түркістанға зиярат етуге аттанып кетті. «Тұңғыш Президент саябағында» өткен шығарып салу салтанатында аудан әкімі Болатбек Қыстауов:
"Біз рухани жаңғыруды туған жердің тарихын тереңнен танып-біле отырып, қасиетті өлкемізді бағалаудан бастауымыз қажет деп ойлаймын. Өздеріңізге мәлім, биыл ТҮРКСОЙ ұйымына мүше мемлекеттердің шешімі бойынша «Түркістан 2017 жыл – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы болып белгіленді. Соның бір дәлелі ретінде – көктемде әз Наурыз мерекесін халықаралық дәрежеде Түркістан қаласында атап өттік. Одан басқа да жыл бойына көптеген іс-шаралар Түркістанда ұйымдастырылып келеді. Міне, осынау түркі жұрттары үшін киелі саналатын Түркістан қаласына сіздер де аттанғалы отырсыздар. Сапарларыңыз сәтті болсын! Жолдарыңыз ақ болып, аман-есен қауышыуды жазсын бәрімізге", – деді.
15 мүмкіндігі шектеулі азаматтарды бастап алып бара жатқан аудандық «Мүгедектер бірлестігі» қоғамының төрағасы Қуаныш Ерназар осындай іс-шараны ұйымдастырып, қамқорлық көрсетіп отырған аудан әкіміне алғыс сезімін білдірді.

 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

`

Серіктестер жаңалықтары