Шерхан Мұртазаны 11 қазанда ақтық сапарға шығарып салады

10 қазан, 2018, 11:53 2103
Шерхан Мұртазаны 11 қазанда ақтық сапарға шығарып салады

Қоштасу рәсімі Алматыдағы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында өтеді.

Алматыда халық жазушысы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазамен қоштасу рәсімі өтеді, деп хабарлайды BNews.kz.

"Шерхан Мұратазаны 11 қазан күні сағат 10.00-де Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрынан ақтық сапарға шығарып салады. Жазушы Кеңсай зиратына жерленеді. Қоштасу рәсімін өзі туып-өскен Жамбыл облысы мен Алматы қаласының әкімдіктері, Жазушылар одағы және ҚР Мәдениет және спорт министрлігі бірге ұйымдастырады", - деп хабарлады ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі кеше шамамен 18:30-да Алматы қаласындағы үйінде ауыр науқастан қайтыс болды. Жазушы қыркүйек айында 86 жасқа толған еді.  

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар