Шетелдегі диаспора өкілдері жаңа қазақ әліпбиін қуанышпен қарсы алды - Жаңалықтар | BNews

Шетелдегі диаспора өкілдері жаңа қазақ әліпбиін қуанышпен қарсы алды

21 ақпан, 09:56 703
Шетелдегі диаспора өкілдері жаңа қазақ әліпбиін қуанышпен қарсы алды

Мемлекет басшысының "Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы" Жарлығын алыс және жақын шетелдердегі диаспора өкілдері де қуанышпен қарсы алды, деп хабарлады 24.kz.

Еуропаға танымал қазақ дәрігері, медицина ғылымдарының докторы Жәдік Шенолдың айтуынша, Қазақстанның мұндай қадамы сырттағы қандастарға да үлкен көмек болғалы тұр.

"Болашақта бүкіл латын әрпі енгізілсе, сол бүкіл елімізге, елімізден сыртта жүрген диаспораға да өте үлкен көмек, оңай болады. Мысалы, осындағы диаспора да Қазақстанда болып жатқан жағдайларлан хабар болуы керек, сондай сұраныс бар. Өзіміздің тарихымызды оқуымыз керек. Тарихымызды қазір оқиық десек, сол Қазақстаннан кітап жіберсе, жазбаша деректердің барлығы кирилицца. Соның бәрін осындағы ағайындар түсіне алмайды. Олар түсіну үшін латын қарпі болса, өте оңай және керемет болатын еді", - деді медицина ғылымдарының докторы Жәдік Шенол.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары