Шетелдік мигранттар үшін Алматыда жұмысқа орналасу тәртібі жеңілдейді

08 қараша, 2018, 11:46 3395 Алматы
Шетелдік мигранттар үшін Алматыда жұмысқа орналасу тәртібі жеңілдейді

Алматыда жұмысшы күші мен шетел капиталының қатысуымен 14 мың кәсіпорын жұмыс істейді.

Алматыда шетелдік мамандардың қандай әкімшілік кедергілерге тап болатындығын, шетелдік жұмысшы күшінің сұрақтары бойынша комиссия отырысында шетелдіктерге заңгерлік қызмет көрсететін жетекші компаниялар айтты. Олардың пікірінше, соңғы жылдары Алматыда құжаттарды беру процесін жеңілдету бойынша оң үрдіс байқалады, деп хабарлайды BNews.kz Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына сілтеме жасап.

"Бұрын құжаттарды тапсырған сәттен бастап және рұқсатты алғанға дейінгі барлық процесс шамамен 3 ай болатын. Қәзір ол мерзім қысқартылды. Тәжірибеден қарап отырсақ, ол мерзім 30-45 күнге қысқартылған. Алматы, сондай-ақ, elicense.kz арқылы құжаттарды тапсыру үшін электронды форматқа толығымен көшкен Қазақстандағы алғашқы аймақ болды, бұл біздің жұмысымызды айтарлықтай жеңілдетті", - деді Work Permits Kazakhstan директоры Данияр Ибрагимов.

Сондай-ақ, ол құжаттарда рәсімдеу кезінде қандай кедергілер болғанын айтты.

"Мысалы, комиссияның отырысында,   шетелдік азаматты жалдап отырған компанияның бірінші басшысының қатысуымен комиссия отырысын жүргізген кезде осындай талап қойылады ма деген сұрақты көтердім. Бірақ бұл өте қиын, өйткені бірінші басшыға көбіне  қол жете бермейді", - деп сөзін жалғастырды Данияр Ибрагимов.

Өз кезегінде, әкімдіктің өкілдері өз келісімін білдірді және бұл талапты тез арада жойылатындығын айтты.

Сонымен қатар, 2018 жылы 23 қарашада Алматыда шетелдік инвесторлар мен мамандардың барлық өзекті мәселелерін талқылап, әкімшілік, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Ішкі істер министрлігі мен басқа да мемлекеттік органдардың өкілдеріне ұсыныстар енгізуге шақырамыз.

Жалпы алғанда, Алматыда жұмысшы күші мен шетел капиталының қатысуымен 14 мың кәсіпорын жұмыс істейді. Сондай-ақ, қалада туристік және іскерлік-аренамен қаланың имиджіне оң әсерін тигізетін 45 мың шетелдік азаматтар бар.

Шетелдік жұмыс күшін тартуға талдау еңбек мигранттарының ең көп санының құрылыс, сауда, мұнай және газ өндіру, қонақ үйлер мен мейрамханалар сияқты салаларға тартылғанын көрсетеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар