Шетелге шығатын қазақстандықтар "туркод" алуы қажет - Жаңалықтар | BNews

Шетелге шығатын қазақстандықтар "туркод" алуы қажет

19 шілде, 10:38 1750
Шетелге шығатын қазақстандықтар

Келеңсіз жағдайға тап болған жағдайда, ТУРКОД азаматтардың ең жақын уақыттағы рейспен елге аман-есен оралуының кепілі бола алады.

Шетелге шығатын Қазақстан азаматтары "туркод" алуы қажет. "Туристік Қамқор" Корпоративті Қоры қазақстандықтардың шетелде қауіпсіз демалуын қамтамасыз етуге қамқорлық жасайды. Сол себептен де шетелге барып демалу үшін жолдамаларды сенімді туроператорлардан, яғни азаматтардың құқықтарына кепілдік беру жүйесінің мүшелерінен сатып алуға кеңес береді, деп хабарлайды BNews.kz Қорының баспасөз қызметі сілтеме жасап.

Шетелге шығуды жоспарлаған азаматтар алдымен өзінің тоқтайтын қонақ үй бронын, елге кері қайту билеті мен ТУРКОД-ты тексеріп алғаны дұрыс. 

ТУРКОД деген не? Туристік код 11-13 (шығатын елге қатысты) қаріптік-сандық символдардан тұрады. Ол әр жолдаманы ресімдеген кезде автоматты түрде беріледі. Турист күтпеген жағдайға тап болған кезде Қормен байланысып, өзінің туркодының нөмірін хабарлайды және шұғыл түрде, яғни 24 сағаттың ішінде көмек күтуге құқылы. Келеңсіз жағдайға тап бола қалған жағдайда, ТУРКОД азаматтардың ең жақын уақыттағы рейспен елге аман-есен оралуының кепілі бола алады.

Туркод жеке парақпен немесе жолдамаға жазылып берілуі мүмкін. Олай болмаған жағдайда туроператордың қызметі заңсыз деп танылады және азаматтар олардың қызметіне күмәнмен қарап, бірден бас тартуға құқылы.

"Туристік Қамқор" корпоративтік қорына қазіргі уақытта 56 туроператор мүшелікке енген. Олар саяхатшылардың қауіпсіздігіне толық кепілдік береді. Мүшелікке енген туроператорлардың толық тізімімен төменде көрсетілген сілтеме бойынша танысуға болады:

http://www.fondkamkor.kz/Voucher/partner/packets/tour/search_operator http://www.fondkamkor.kz/Voucher/partner/packets/tour/search_operator/1

Айта кетейік, Қазақстанда 2016 жылдың аяғында заңнамалық деңгейде Қазақстан Республикасындағы шетелге шығу туризмі аясында азаматтардың құқықтарына кепілдік беретін "Туристік Қамқор" жүйесі енгізілді.

Қордың бүкіл жұмыс істеген уақытында 460 мыңнан астам қазақстандыққа туркод берілді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары