Шығыс Қазақстанда Астана күндері өтеді

13 шілде, 2018, 17:48 2986 Шығыс Қазақстан облысы
Шығыс Қазақстанда Астана күндері өтеді

Еліміздің бас қаласының мерейтойына арналған Қазақстанның аймақтарындағы Астана күндері ауқымды жобасы жалғасуда.

Бұл жолы елордалық шығармашылық ұжымдар Шығыс Қазақстанға аттанады, деп хабарлайды BNews.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ең алдымен астаналықтар 17-18 шілде күндері Семей қаласында өнер көрсетеді. Астана күндері "Абайдың қара сөздері және әндері" концертінен басталады, оған Астана қаласының Мемлекеттік академиялық филармониясының Қазақ оркестрі, классикалық, эстрадалық және халық вокалының солистері қатысады. Ұлы ақын, ойшылдың шығармашылығына арналған кеш Абай атындағы Қазақ театрының сахнасында өтеді.

Сонымен қатар, осы жерде Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры Ұлықбек Есдәулеттің "Зере" атты драмасын қояды. Спектакльде ұлы Абайдың дана, ақылды әрі әділ әжесі, сол замандағы өмір мен мәңгі, мызғымас құндылықтар туралы айтылады.

Спорт сүйер қауым Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде дзюдодан Астана мен Семей қалаларының командаларының арасындағы жолдастық кездесуді тамашалай алады.

Невзоровтар атындағы Шығыс Қазақстан облыстық бейнелеу өнері музейінде отандық 50 суретшінің түрлі жанрларда салынған бірегей 100 еңбегін көруге болады. Тәуелсіздік сарайы дайындаған "Ақ тілекпен, Астана!" көрмесі барша Қазақстанды аралап, өнер сүйер қауымның ыстық ықыласына бөленді.

Бұдан басқа, 19-20 шілде күндері елордалық әртістер Өскемен қаласына ат басын тірейді. Мұнда "Ақ тілекпен, Астана!" экспозициясы Өнер музейінде екі күн бойы өтеді. Ал Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ драма театрының әртістері Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының сахнасында өнер көрсетеді. Өскемендіктер "Зере" драмасынан басқа, Мұхтар Әуезовтың "Абай" трагедиясын тамашалайды. Елордалық театрдың үздік туындысыменәдетте, оның театр маусымы ашылады.

Мұнымен қоса, елордалық шығармашылық ұжымдар "Ертіс концерт" залында "Астанаданақ тілек" гала-концертін көпшілік назарына ұсынады. Кеш бағдарламасында Астана қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясының Қазақ оркестрі, эстрадалық би, "Шалқыма", халық биі ансамбльдері, классикалық, эстрадалық және халық вокалының солистері өз өнерлерін ортаға салады.

Жергілікті мұз айдыны аренасында шайбалы хоккейден "Астана 2009" және "Торпедо 2009" командалары арасында жолдастық кезедсу өтеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар