Шығыс Қазақстанда автобус аударылып, жолаушылар зардап шекті - Жаңалықтар | BNews

Шығыс Қазақстанда автобус аударылып, жолаушылар зардап шекті

15 ақпан, 13:37 1105 Шығыс Қазақстан облысы
Шығыс Қазақстанда автобус аударылып, жолаушылар зардап шекті

Жол-көлік оқиғасы Семей қаласында орын алған.

Шығыс Қазақстан облысындағы Семей қаласында жолаушылар автобусы жолдан шығып кетіп, аударылып қалды, деп хабарлайды BNews.kz Ustinka.kz-ке сілтеме жасап.

Жол-көлік апаты автокөлік базарындағы Т-бейнелі қиылыста орын алған. Автобус сол жаққа қарай бұрылып бара жатқан кезде жолдан шығып кетіп, аударылған.

Куәгерлердің айтуынша, автобуста жолаушылар болған. Жалпы төрт жолаушы, яғни бір ер азамат пен үш әйел адам жарақат алған.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері және жедел жәрдемнің төрт бригадасы жұмыс жасауда.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары