Шығыс Қазақстанда "Қазақ елі" монументі бой көтерді - Жаңалықтар | BNews

Шығыс Қазақстанда "Қазақ елі" монументі бой көтерді

12 шілде, 11:25 1752 Шығыс Қазақстан облысы
Шығыс Қазақстанда

"Туған жер" акциясы аясында, Астананың 20 жылдық мерей тойына арнап, Аягөздегі Тарлаулы ауылының жаңа алаңында "Қазақ елі" монументі бой көтерді.

Монументтің биіктігі – 12 метр. Оның ұшар басында орнатылған күн, астында қанат жайған Самұрық құс – егемен еліміздің ертеңі мен күш-қуатының мықты екендігін аңғартатын нысан. Монумент қазақ архитектурасының қуаты мен жетістігін бейнелейді. Сонымен қатар тәуелсіз Қазақстанның тарихы, мәдениеті мен дамуын көрсетеді, деп хабарлайды BNews.kz altaynews.kz сайтына сілтеме жасап.

Тарлаулы ауылындағы құны 1,5 млн теңгені құрайтын "Қазақ елі" монументін жасаған 1978 жылы "Қызылқия орта мектебін" бітірген түлектер.

2018 жылдың маусым айында "Туған жер" акциясы аясында және де Астананың 20 жылдық мерей тойына арнап Тарлаулы ауылында 1998 жылы мектеп бітірген "Қызылқия орта мектебінің" түлектері құны 700 мың теңгені құрайтың "Хоккей қорабын" ауыл жастарына сыйға тартты.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары