Шығыс Қазақстанда су басқан үйлерден 400 адам эвакуацияланды - Жаңалықтар | BNews

Шығыс Қазақстанда су басқан үйлерден 400 адам эвакуацияланды

12 наурыз, 2018, 10:25 1723 Шығыс Қазақстан облысы
Шығыс Қазақстанда су басқан үйлерден 400 адам эвакуацияланды

Мұнда қар аралас жауын үш күн бойы толассыз жауған.

Құтқарушылар су басқан аймақ зардаптарын жою жұмыстарын жалғастыруда. Қауіпті аймақтан дер кезінде барлық тұрғындар көшірілді, деп хабарлайды BNews.kz ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазір Өскеменде минус көрсеткішті ауа райы болғанымен, Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданында күн жылынып, қардың тез еруіне себеп болып отыр.

10 наурыздан бастап, облыс бойынша жауын жауып, ауа температурысы +10-дейін көтеріліп қар ери бастады.

Қазгидрометтің хабарлауынша ШҚО-да 1-і мен 11 наурыз аралығында түскен жауын-шашын мөлшері 53,2 мм-ға жеткен, бұл бір айлық жалпы мөлшерден екі есе жоғары.

Ауылдық жерлердің су басуы көбіне тиісті арықтардың бітеліп қалуынан немесе мүлде жоқтығынан болады.

ҚР ІІМ мен ШҚО ТЖД төтенше жағдайлар комитетінде жедел штаб құрылды.

Апаттық-құтқару жұмыстары үшін жеке құрамдағы 1032 адам, 286 бірлік техника, 56 жүзу құралы және 58 мотопомпа жұмылдырылды.

Оқиға орнындағы су басқан 70 тұрғын үй, 150 аула мен 110 саяжай аумағында суды тарту  жұмыстары жүргізілуде.

Су басқан аумақтан жергілікті атқарушы органдардың, құтқарушылар мен полицияның көмегімен дер кезінде 400-ге жуық адам эвакуацияланды. Олардың бір бөлігі Аягөз қаласындағы № 6 мектеп-интернатқа орналастырылса, қалғандары туыстарының үйіне барды.

Өскемен қаласында эвакуация үшін "Үлбі" қалалық аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығы құрылды.

Қалыптасқан жағдайға байланысты Аягөз ауданында жергілікті көлемдегі табиғи сарындағы төтенше жағдай жарияланды.

Шығыс аэроұтқыр шұғыл-құтқару отрядының құтқарушылары Аягөз ауданына көмекке жіберілді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар