ШҚО-да су жайылу салдарынан көшірілген 250 адам үйлеріне қайта оралды - Жаңалықтар | BNews

ШҚО-да су жайылу салдарынан көшірілген 250 адам үйлеріне қайта оралды

13 наурыз, 2018, 11:21 1190 Шығыс Қазақстан облысы
 ШҚО-да су жайылу салдарынан көшірілген 250 адам үйлеріне қайта оралды

15 адам әлі де Өскемендегі туыстарының үйінде.

ШҚО-да жасалған жедел шаралардың арқасында 136 үйдің ауласындағы су кетті. Алайда әлі де алты жеке құрылыс нысаны су құрсауында, деп хабарлайды BNews.kz  ҚР ІІМ ТЖК-не сілтеме жасап.

Үй іргесіндегі жерлер, аула мен бақшада жиналып қалған еріген қар суы жоқ. Тұрғындардың ауласынан шамамен 34 мың текшеметр су сорғымен тартып алынды.

Осыған дейін ауа райына байланысты ауданда 140 тұрғын үй, 180 үй іргесі мен 110 саяжай аумағына су жайылған еді.

Аягөз ауданында 260 адам өз үйлеріне қайта оралды. Жергілікті жерде аудандық ТЖ қызметкерлері мен Шығыс аймақтық жедел аэроұтқыр құтқарушылар отряды бөгетті бекітіп, кәріз құбырларын да қалыпқа келтіруде. Құтқарушылар тәулік бойы кезекшілікте.

Осындай шаралар Өскеменде де жүргізілуде. Өрт сөндірушілер бөлімінің қызметкерлері күні-түні суды сорып алу жұмыстрын атқарып, аула аймақтарын қардан тазартуда. Үй ауласын су басқан 15 адам әзірге үйіне қайта оралған жоқ.

Жолдың алты бөлігіндегі жайылған су тоқтатылды. Оқиғаны жол қызметкерлері бақылауда ұстап отыр. Жолды қалпына келтіру жұмыстары "Күршім-Маралды" тас жолының 39-шы шақырымында және "Омбы-Майқапшағай" жолының 1321 шақырымында жүргізілуде.

Күршім ауданында құтқарушылар өткел жасады. Көпірді қайта қалпына келтіру және айналмалы жол төсеу мәселесі қарастырылуда.

Ауданда қауіпсіз жерге 50 бас жылқы, 125 бас ірі қара және 484 бас ұсақ мал айдалды.

Апаттық-құтқару жұмыстарына жергілікті органдар мен ШҚО ТЖД-нен 708 адам, 204 бірлік техника жұмылдырылып, 27 суды сорып шығаратын құрал пайдаланылуда.

ШҚО ТЖД-нің дағдарыс орталығында шұғыл штаб жұмысын жалғастыруда.

Шығыс Қазақстанда су жайылған үйлерден 400 адам эвакуацияланғаны туралы осыған дейін айтқанбыз.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар