Шығыс Қазақстанда тағы да гепатит А-ға шалдыққандар анықталды - Жаңалықтар | BNews

Шығыс Қазақстанда тағы да гепатит А-ға шалдыққандар анықталды

29 қаңтар, 12:10 979 Шығыс Қазақстан облысы
Шығыс Қазақстанда тағы да гепатит А-ға шалдыққандар анықталды

Үржар ауданындағы Шолпан ауылында дабыл қағылып отыр. Мұнда гепатит А дерті өршіп барады, деп хабарлайды BNews.kz Устинка Live-ке сілтеме жасап.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мамандарының қатысуымен өткен арнайы комиссияның тексеруінен кейін тағы 19 адамның  ауру жұқтырғаны анықталды. Белгілі болғандай сырқатқа шалдыққандар өз ақшасына дәрі-дәрмек алған, ал аураханаға жету үшін  аудан орталығына дейінгі жолды өздері төлеп барған.

"Бізге баланы ауыл емханасына әкелмеңдер, гепатит А жеңіл түрде өтеді, сондықтан ауруды таратудың қажеті жоқ, деген еді. Сондықтан ата-аналар дәрі сатып алып, балаларын өздері емдеген болатын", - деді баласы осы науқастан қайтыс болған Индира Жәнібекова.

Ауыл тұрғындары дер кезінде дұрыс диагноз қойылмаған дегенді айтып отыр.

"Баласы ауырып тұрған бір ата-ана жергілікті дәрігерлердің айтқанына сенген жоқ. Ол баласын Аягөзге алып барды. Онда ақылы түрде тексеруден өткен соң, баланың гепатит А-мен ауыратыны анықталды. Сонда тағы қанша адам ауруға шалдығуы қажет? Менің балам осы дерттен көз жұмды, бірақ ауру әлі тоқтар емес", - деді Жәнібекова

Тексерудің нәтижесінде орталық аудандық аурухана дәрігерлері бірнеше өрескел қате жібергені анықталды.

"Жақын арада Үржар аудандық ауруханасындағы жауапты адамдарға қатысты шара қолданылатын болады. Науқастармен тікелей қарым-қатынаста болған 140 ауыл тұрғынына ауруға қарсы екпе салынды. Алайда балалардың аурыуы тоқтамай тұр. Жыл басында тағы бір Шолпан ауылының кішкентай тұрғыны гепатит А-ға шалдықты. Тағы екі бала ауруханада ем алып жатыр", - деп түсіндірген еді ШҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Шортанов.

Естеріңізге сала кетейік, Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданындағы Шолпан ауылында сарыауру індеті өршіп бара жатқаны туралы осыған дейін хабарлаған едік.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары