Шығыс Қазақстанда туристік автобус жол-көлік оқиғасына ұшырады - Жаңалықтар | BNews

Шығыс Қазақстанда туристік автобус жол-көлік оқиғасына ұшырады

09 шілде, 16:43 1205 Шығыс Қазақстан облысы
Шығыс Қазақстанда туристік автобус жол-көлік оқиғасына ұшырады

Бұқтырмаға бет алған туристік автобус жол жиегінен шығып кеткен.

Бұқтырмаға бет алған туристердің автобусы жол-көлік оқиғасына тап болды, деп хабарлайды BNews.kz Алтайньюске сілтеме жасап.

Жол апаты МАИ бекетінен бірнеше шақырым қашықтықта болған. Жүк "Газелінің" жүргізушісі жолдың қарама-қарсы бағытына шығып кетіп, нәтижесінде Өскеменнен демалыс базасына бара жатқан автобуспен соғысқан.

Жол-көлік оқиғасына куә болғандардың айтуынша, автобус жүргіншілерінің ешбірі жапа шекпеген. ПАЗдың жүргізушісі соңғы сәтте жол жиегіне шығып кете алған екен. Жол-көлік оқиғасы орнында қазір патрульдік қызметкерлер жұмыс істеуде.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары