Шығыс Қазақстанда гепатитке қарсы вакцина сатып алуға 50 млн теңге бөлінді - Жаңалықтар | BNews

Шығыс Қазақстанда гепатитке қарсы вакцина сатып алуға 50 млн теңге бөлінді

28 ақпан, 2018, 19:12 1434 Шығыс Қазақстан облысы
Шығыс Қазақстанда гепатитке қарсы вакцина сатып алуға 50 млн теңге бөлінді

Бұл сомаға 10 мың вакцина мөлшері сатып алынады.

Шығыс Қазақстан облысында гепатитке қарсы 10 мың вакцина сатып алуға 50 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды BNews.kz Устинка LIVE ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

ШҚО Білім беру басқармасы вакцинаның әр данасын 4968 теңгеден сатып алуды ойлап отыр. Ал тасымалдаушы компания 19 наурыз күні белгілі болмақ.

Былтыр да "А" гепатитін емдеуге қажетті екпе дәрілерді сатып алуға бірнеше рет байқау жарияланғанымен, тасымалаушы ұйым тек желтоқсан айында ғана табылған болатын.

Ал жыл басынан бері аталған ауруға шалдыққандардың саны 30-дан асып кетті.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар