Шымбұлақ ТМД-дағы ең үздік тау-шаңғы курорты деп танылды

25 қыркүйек, 2018, 10:24 1520 Алматы
Шымбұлақ ТМД-дағы ең үздік тау-шаңғы курорты деп танылды

Сондай-ақ, үздіктер ондығына Шығыс Қазақстандағы Алтай Альпісі демалыс базасы да кірді.

Шымбұлақ ТурСтат сараптамалық агенттігінің нұсқасына сәйкес, ТМД елдеріндегі тау-шаңғы курорттарының арасында көш бастап тұр. Сондай-ақ, үздіктер ондығына Шығыс Қазақстандағы Алтай Альпісі демалыс базасы да кірді, деп хабарлайды BNews.kz.

ТурСтат талдау агенттігі 2018-2019 жылдың қыс мезгілінде ресейлік туристер арасында ең танымал Таяу Шығыс және ТМД елдеріндегі тау-шаңғы демалыс орындарының тізімін жариялады. Олардың қатарында Қазақстандағы Шымбұлақ, Грузиядағы Гудаури, Әзербайжандағы Шахдаг, Беларусь еліндегі Силичи, Армения Цахкадзор, Өзбекстандағы Шымған, Қырғызстандағы Қаракөл, Беларусь Республикасындағы Логойск, Әзербайжандағы Туфандаг, сондай-ақ Қазақстандағы Алтай Альпісі бар.

Рейтинг 2018-2019 жылғы қыс маусымындағы туристік сапарлар талдауы негізінде жасалды.

Ресейліктер 2019 жылдың қысында Таяу Шығыс және ТМД елдеріндегі тау-шаңғы курорттарында орта есеппен 7 күн демалысын өткізуді жоспарлайды. Жататын орны мен тамағын қосқанда туристік демалу құны Шымбұлақта тәулігіне 100 доллар. Цахкадзорда - 80 доллар, Қаракөлде - 75 доллар, Чимганда - 70 доллар. Бұдан арзаны тек Беларусьтегі Логойск пен Силичи тау-шаңғы орталықтары ғана - 70 долларға дейін. Бәрінен қымбаты - Әзербайжандағы Шахдаг және Туфандаг курорттары болып шықты - 100 доллардан астам.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар