Шымкент қаласының прокуратурасы электр қуатына тарифтер негізсіз көтерілгенін анықтады - Жаңалықтар | BNews

Шымкент қаласының прокуратурасы электр қуатына тарифтер негізсіз көтерілгенін анықтады

Написать нам
25 қазан, 2018, 16:41 3050 Оңтүстік Қазақстан облысы
Шымкент қаласының прокуратурасы электр қуатына тарифтер негізсіз көтерілгенін анықтады

Қала прокуратурасымен енгізілген қадағалау актілері бойынша табиғи монополиялар субъектілері тарапынан 22,6 млн. теңгеге компенсациялық тариф енгізілді.

Шымкент қаласының прокуратурасымен 2015-2017 жылдар аралығында "Оңтүстік Жарық Транзит" ЖШС-нің қызметіндегі коммуналдық саласында электр энергиясына тарифтерді бекіту және қоллдану заңдылығына кешенді тексеру жүргізді, деп хабарлайды BNews.kz Шымкент қалалық прокуратурасының баспасөз қызметінге сілтеме жасап.

Тексеру  нәтижелері табиғи монополиялар субъектісі тарифтерді қалыптасыру кезінде және пайдалану барысында заң бұзушылықтарға жол бергендігін көрсетті.

2016-2017 жылдар аралығында 15,8 млн. теңге мөлшерде алдын тарифтік сметаларға қосылған әлеуметтік салық пен әлеуметтік жарналар бойынша шығындарын 5% артық орындамау, сондай-ақ 6,8 млн. теңге мөлшерде жұмысшылардың медициналық байқаудан өту қызметін тарифтік сметаға негізсіз қосу арқылы электр қуатына тарифтерді көтеру деректері анықталды.

Сонымен қатар сатып алу барысында заң талаптарын сақтамау және 13,3 млн. теңге мөлшерде міндетті салықтарды толық есептемеу (КТС және ҚҚС) деректеріне жол берілген.

Қала прокуратурасымен енгізілген қадағалау актілері бойынша табиғи монополиялар субъектілері тарапынан 22,6 млн. теңгеге компенсациялық тариф енгізілді.

Сондай-ақ, заң бұзушылықтарға жол берген үшін мекеме ҚР ӘҚБтК-нің 164-бабының 4-бөлігімен (табиғи монополия субъектісінің шектеулерді сақтамауы, сол сияқты табиғи монополия субъектісінің Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы) жауапкершілікке тартылып, 2 млн. теңге айыппұл салынды.

Одан бөлек, салық органына жолданған  ұсынуды қарау нәтижесінде, мекеме ҚР ӘҚБтК-нің 278-бабының 1-тармағымен (салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң сомаларын кемiтiп көрсету) әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 6 млн. теңге мөлшерде айыппұл салынды.  Мемлекет алдындағы қарыздар толық өтелді. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар