Шымкент көліктеріне "17" нөмірі, жүргізуші куәліктеріне "Ү" әрпі беріледі - Жаңалықтар | BNews

Шымкент көліктеріне "17" нөмірі, жүргізуші куәліктеріне "Ү" әрпі беріледі

13 шілде, 17:13 2861 Шымкент
Шымкент көліктеріне

Түркістан облысы бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысының нөмірі - "13", ал куәлікке жазылатын литер "Х" болып қала береді.

ІІМ бұйрығына енгзілген өзгерістер мен толықтырулардан соң Шымкенттің автокөліктеріне "17" нөмірі беріледі, ал жүргізуші куәліктеріне "Y" әрпі тіркелетін болады, деп хабарлайды BNews.kz Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы ақпарат "ҚР ІІМ кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ІІМ бұйрығында көрсетілген.

Құжатта Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Қазақстан облыстарына жүргізуші куәлігінің сериялық бланкісін белгілеу үшін келесідей латын транксрипциясындағы әріптер тіркеледі.

Шымкент қаласының автокөліктеріне "17" саны беріледі. Шымкенттен берілетін жүргізуші куәліктеріне "Ү" литері басылады. Түркістан облысы бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысының нөмірі - "13", ал куәлікке жазылатын литер "Х" болып қала береді.

Бұл бұйрық 11 күннен соң, яғни 24 шілдеде күшіне енеді. Осы күннен Шымкентте тіркелген көліктерге жаңа нөмір беріле бастайды.

Еске сала кетсек, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарабев 19 маусымда Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәртебесін берген болатын.                                   

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары