"Шымкент-Алматы-2" пойызының жолсерігі жолаушы әйелді босандырып алды
Тараз стансасында әйел адам мен оның жаңа туған нәрестесін жедел медициналық жәрдем күтіп алып, жергілікті перзентханаға жеткізді.
"Шымкент - Алматы-2" бағытында қатынайтын №174 жолаушылар пойызының жолсеріктері Шымкент қаласының тұрғыны Айгүл Жүзбаеваның сәбиінің дүниеге келуіне көмектесті, деп хабарлады "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның баспасөз қызметі.
Белгілі болғандай, 14 қаңтар күні Шымкенттен Алматыға қарай пойыздың 16-вагонында жолға шыққан Айгүл Жүзбаева есімді келіншектің айы-күні жетіп тұрған. Пойыз Түлкібас стансасынан өткен кезде оның кенеттен толғағы қысқан. Абырой болғанда Дәурен Байменов есімді вагон жолсерігі мен пойыз бригадасының өзге де қызметкерлері барлық қажетті көмекті жасаған. Соның арқасында өмірге қыз бала келді.
"Сол күні кешке қарай Тараз стансасында әйел адам мен оның жаңа туған нәрестесін жедел медициналық жәрдем күтіп алып, жергілікті перзентханаға жеткізді", - делінген хабарламада.
Таратылған мәліметке сәйкес, өмірге келген нәрестенің денсаулық жағдайы жақсы. Өз кезегінде жас ана Айгүл Жүзбаева көмек көрсеткен пойыз жолсеріктеріне алғыс айтты.
"Мен пойыз жолсеріктеріне алғысымды айтамын. Қыз бала туылды. Барлығы жақсы. Тағы да теміржол қызметкерлерінің барлығына ризашылығымды білдіремін", - деді Айгүл Жүзбаева.
"Жолаушылар тасымалы" АҚ "Оңтүстік" филиалының директоры Асқар Шүкірбеков атап өткендей, пойыз басшысы Нұрманәлі Нұрманбет пен жолсерік Дәурен Байменовқа алғыс жарияланатын болады.
Айта кетейік, пойыз бригадаларының қызметкерлері алғашқы медициналық көмек керсету бойынша тұрақты түрде оқытылып келеді. Өткен жылы пойыздарда 10 нәресте дүниеге келген.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Читайте также
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалының көлемі 38%-ға артты
-
ШҚО теміржолшылары жауған қалың қардан кейін 2 мыңнан астам шақырым жолды тазартты
-
ҚТЖ арзан билетті өткізгенде ұсталатын айыппұлды алып тастады
-
Бір жыл ішінде "Қорғасқа" 1 млн 200 мыңнан астам турист барды
-
Астана-1 теміржол вокзалында 10 жаңа эскалатор іске қосылды
-
ШҚО-ның Алтай ауданының перзентханасы заманауи құрылғылармен жабдықталды
-
Бір жылда ҚТЖ желісі бойынша жүк айналымы 6,6% артты
-
Жаңа жыл түнінде Қазақстанда 618 сәби туылды