Шымкент-Астана бағытындағы ұшақта жолаушы қайтыс болды - Жаңалықтар | BNews

Шымкент-Астана бағытындағы ұшақта жолаушы қайтыс болды

13 қараша, 2017, 18:40 1183 Оңтүстік Қазақстан облысы
Шымкент-Астана бағытындағы ұшақта жолаушы қайтыс болды

Air Astana компаниясының Шымкент-Астана бағытындағы КС 352 ұшағының бортында жолаушы қайтыс болды. Оқиға шамамен түскі сағат он екілер кезінде болған, деп хабарлайды BNews.kz otyrar.kz ақпарат агенттіне сілтеме жасап.

Ұшақ жоғары көтеріле бастаған кезде жолаушының денсаулығы нашарлай бастаған. Әуе кемесін бірден кейін қайтарып, оның өмірін сақтап қалуға жасалған әрекеттер нәтиже бермеді.  

Әуежай қызметкерлері жедел жәрдем мен полицияны бірден шақырды. Тексеру барысында қайтыс болған адамның жасы 70-те екені анықталды. Астана қаласының тұрғыны әйелімен бірге үйіне қайтып келе жатқан.

Жұбайының айтуынша, күйеуін қант диабетімен ауыратын болған. Оқиғаның анық-қанығы тексерілуде.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар