Шымкентте автокөлік терезесін сындырып, бағалы заттарды ұрлаған ерлі-зайыптылар ұсталды - Жаңалықтар | BNews

Шымкентте автокөлік терезесін сындырып, бағалы заттарды ұрлаған ерлі-зайыптылар ұсталды

Шымкентте автокөлік терезесін сындырып, бағалы заттарды ұрлаған ерлі-зайыптылар ұсталды

Олар автокөліктен ұялы телефон мен ақшасы бар сөмкені ұрлап кеткен.

Шымкент қаласында учаскелік инспектор автокөліктен ұялы телефон мен сөмкені ұрлап кеткен азаматтарды анықтады, деп хабарлайды BNews.kz ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкент ҚІІБ Абай полиция бөлімшесінің кезекші бөліміне қала тұрғыны арызданып, онда белгісіз тұлға терезені сындырып, оның автокөлігінен ұялы телефоны мен ақшасы бар сөмкесін ұрлап кеткенін көрсеткен.

Шымкент ҚІІБ Абай полиция бөлімшесінің №14 учаскелік пунктінің учаскелік инспекторы жүргізген жедел іздестіру іс-шарасы барысында ерлі-зайыпты екі күдіктіні ұстады. Олар 35 жастағы Шымкент қаласының тұрғындары болып шықты.

Қазіргі таңда ұрлық жайты бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері күдіктілердің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары