Шымкентте Бадам су қоймасынан батып бара жатқан қыз құтқарылды

16 Августа, 2018, 10:38 3614
Шымкентте Бадам су қоймасынан батып бара жатқан қыз құтқарылды |  | BNews.kz

Қыз бала өз әлін байқамай, жағадан алыс жүзіп кеткені атап өтілді.

Бадам су қоймасынан Шымкент қаласы ТЖД жедел-құтқару жасағының қызметкерлері суға батып бара жатқан қызды құтқарып алды, деп хабарлайды BNews.kz қалалық ТЖД жедел-құтқару жасағының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2018 жылғы 14 тамызда Бадам су қоймасын патрульдеу кезінде Шымкент қаласы ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Қ.Қыдырбаев және О.Абай жағадан 30 метрден ары жерде суға батып бара жатқан және жанталасып құтқаруға шақырған қызды байқады. Шұғыл жетіп келген құтқарушылар қайғылы оқиғаның алдын алды. Жедел түрде құтқарушылар қызды судың бетіне шығарып, жағаға жеткізді. Құтқарған сәтте қыздың жағдайы қанағаттанарлық болып, ол медициналық көмектен бас тартты", - делінген хабарламада.

Хаттаманы толтыру барысында қыз бала өз әлін байқамай, жағадан алыс жүзіп кеткені анықталды.

"Бірталай арақашықтықтан жүзіп өткен оның күші таусылып, суға бата бастады. Құтқарушылар онымен судағы қауіпсіздік жүріс-тұрыс қағидалары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді", - деп атап өтті Төтенше жағдайлар департаментінде.

Шомылу маусымында құтқарушылар Шардара және Бадам су қоймаларында 5 адамды құтқарған.

Шымкент қаласы ТЖД құтқару жасағы тұрғындар мен қонақтарға су объектілерінде қауіпсіздік қағидаларын сақтау туралы ескертеді: өз күштеріңізді дұрыс есептеңіз, жағадан алыс жүзіп кетпеңіз, балаларға қарап жүріңіз, оларды қараусыз қалдырмаңыз.

olshem.kz

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13981

Похожие новости