Шымкентте балалар гараждар арасынан адам денесін тауып алды - Жаңалықтар | BNews

Шымкентте балалар гараждар арасынан адам денесін тауып алды

Шымкентте балалар гараждар арасынан адам денесін тауып алды

Гараждардың арасындағы құмға көмілген мәйіт бір айдан астам жатқан, деп хабарлайды BNews.kz Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Шымкенттің №18 шағын ауданында тұратын балалар гараждардың қасынан өлген адамның денесін тауып алды. Балалар жағдайды үлкендерге айтады, ал олар полицияға хабар береді.

Өлген адамның кім екені бірден анықталды. Ол - 1974 жылы дүниеге келген және бұрын сотталған азамат.

Еңбекші ауданының ІІБ қызметкерлері кісі өлтірген күдіктіні Қайнарбұлақ саяжайында тығылып жатқан жерінен тапқан.

Ұсталған күдікті 1990 жылы дүниеге келген. 21 желтоқсанда №18 шағын ауданда тұратын "танысының" үйінде қайтыс болған адаммен бірге спиртті ішімдік ішеді. Олардың отырысы төбелеске ұласып, ол оны өлтіреді. Кейін түнгі сағат 3-те  денесін далаға шығарып, гараждардың қасындағы құмға көміп тастайды. Қазір тергеушілер істің мән-жайын анықтап жатыр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары