Шымкентте денсаулық эстафетасы өтті

27 қараша, 2018, 15:41 1756 Шымкент
Шымкентте денсаулық эстафетасы өтті

Дәрігерлер 200-ге жуық азаматты қабылдап, 170 адам шағын зертханалық тексеруден өтті.

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы мен салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы акцияны "Салауатты өмір салты үшін" ұранымен өткізді, деп хабарлайды BNews.kz қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мұндағы мақсат – әр тұрғынның назарын салауатты өмір салтын ұстануға аудару және денсаулығына жауапкершілікпен қарауға үндеу.

Акция барысында жедел жәрдем стансасының мамандары көшеде жүрек талмасы ұстаған науқасқа қалай көмек берудің үлгісін көрсетті. Ал қала тұрғындары терапевт, кардиолог, эндокринолог, офтольмолог-дәрігерлерге тегін тексерілді. Тұрғындар акцияға белсенді қатысып, әсіресе, кардиолог, офтольмолог-мамандардың кеңесін алды.

Дәрігерлер 200-ге жуық азаматты қабылдап, 170 адам шағын зертханалық тексеруден өтті. Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорының өкілдері жаңа жүйенің маңыздылығын түсіндіріп, тұрғындар арасында викториналық ойындар ұйымдастырды. Жеңімпаздарға сыйлықтар тарту етілді. Акция барысында қала тұрғындары белсенді түрде жаттығу жасап, жастар флешмоб биледі. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар