Шымкентте диваны бар автобус жолаушылар тасымалдайды - Жаңалықтар | BNews

Шымкентте диваны бар автобус жолаушылар тасымалдайды

Шымкентте диваны бар автобус жолаушылар тасымалдайды

Жұмсақ әрі жайлы диван қала ішінде қатынайтын ескі автобустардың бірінде қойылған.

Шымкентте №60А бағытындағы автобуста орындықтардың орнына жұмсақ әрі жайлы диван қойылған, деп хабарлайды BNews.kz Оңтүстік Қазақстан-ға сілтеме жасап.

Бұл туралы алғашқылардың бірі болып Facebook-тегі парақшасында Гүл Советханқызы жариялаған.

"Осындай автобус қайда бар?)) Шымкентте әрине!!! 60А бағытында қатынайтын автобус. Егесіне респект! Жолаушылардың жағдайын ойлап, жанын түсінген осындай болар! Ұрпағыңмен мың жаса! Өмірімде бірінші рет қалаішілік автобуста рахаттанып отырмын", - деп жазған парақшасында Гүл Советханқызы (орфографиялық және пунктуациялық белгілер сақталды - редактордың ескертуі).

№60А бағытындағы қоғамдық көлік "ШНОС" аялдамасынан, яғни қаладағы мұнай-өндеу зауытынан бастап №99 мектептің, "Әскери комиссариат" аялдамаларына тоқтап, "Ақбар" базарынан "Ордабасыға" дейін қатынайды. Шымкенттегі орталық әмбебап дүкен мен Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің аялдамасына да аялдап, "Құрсай" шағынауданына барады.

Аталған автобус жалпы барлығы 47 аялдамаға барады екен. Яғни, "ШНОС" аялдамасынан мінген жолаушы "Құрсайға" жеткенше бір ұйықтап тұрады.

Айта кетейік, жалпы Шымкент қаласына жақында 30 жаңа автобус жеткізілген. Таяу күндері тағы да 70 автобус әкелінбек. Ал, №60А бағытындағы автобус ескі автобустар санатында.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары

Материалды әзірлегендер: