Шымкентте электровоз бен жүк көлігі қатты соқтығысты - Жаңалықтар | BNews

Шымкентте электровоз бен жүк көлігі қатты соқтығысты

Шымкентте электровоз бен жүк көлігі қатты соқтығысты

Соқтығысқан автокөлік жүргізушілерін құтқарушылар кабинадан гидравликалық құрал арқылы алып шықты. Шымкентте электровоз және Howo жүк көлігі соқтығысып қалды, деп хабарлайды otyrar.kz. Жергілікті ақпарат құралының мәліметіне сәйкес, апаттан қаза болғандар жоқ.

Жол апаты кеше түстен кейін Қаратау ауданындағы цемент зауытына жақын жердегі «Қызылсай – Қазығұрт» теміржол аралығында орын алды. 

Соқтығысу салдарынан электровоз рельстен шығып кетті, деп мәлімдеді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы Зарипа Тұрысбекова.

«Жол апаты салдарынан жүк көлігінің 1970 жылғы жүргізушісі зардап шекті. Ол автокөлікте қысылып қалған. Апат орнына жедел құтқару отряды келді. Олар көлік кабинасынан жүргізушіні гидравликалық құрал арқылы алып шығып, медициналық жедел жәрдем бригадасына тапсырды. Электровоз жүргізушісіне де медициналық көмек көрсетілді, бірақ ол ауруханаға жатудан бас тартты», - деп мәлімдеді Зарипа Тұрысбекова.

 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!