Шымкентте Қала күнін атап өту датасы бекітілді

25 қазан, 2018, 14:50 3226 Шымкент
Шымкентте Қала күнін атап өту датасы бекітілді

Тарихи шешім қалалық мәслихаттың бүгін өткен кезектен тыс 40-сессиясында бекітілді.

Шымкентте Қала күнін атап өту датасы бекітілді. Тарихи шешім қалалық мәслихаттың бүгін өткен кезектен тыс 40-сессиясында бекітіліп, бұл күн 19 маусымға белгіленді, деп хабарлайды BNews.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сессия отырысының күн тәртібінде қаралған 2 мәселенің бірі Қала күнiн белгiлеу болатын. Осы мәселе бойынша қала әкiмi Ғабидолла Әбдiрахымов сөз алды.

Шаhар басшысы қала күнiн Елбасының Жарлығына сай, 19 маусым күнi етiп белгiлеудi ұсынды. Мәслихат депутаттары бұл ұсынысты бiрауыздан қолдады.

"Еліміздің үшінші мегаполисі үшiн жаңа тарихи кезең басталды. Өздеріңіз білесіздер, Елбасы 19 маусым күні қаламызға жаңа мәртебе бердi. Бiз Шымкент қаласының күнiн осы тарихи шешiмге байланысты 19 маусым етiп белгiлеп отырмыз", - дедi қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов.

Еске салайық, биылғы 19 маусымда Мемлекет басшысы Шымкент қаласына республикалық дәреже беру туралы Жарлыққа қол қойған болатын.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар