Шымкентте латын әліпбиін үйрету қолға алынды - Жаңалықтар | BNews

Шымкентте латын әліпбиін үйрету қолға алынды

Шымкентте латын әліпбиін үйрету қолға алынды

Шымкенттегі Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті латын әліпбиін оқытуды қолға алды.

Бұл үшін таяуда оқу ордасы жанынан құрамында лингвист әрі филолог мамандары бар арнайы орталық құрылмақ, деп хабарлайды BNews.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Олар жаңа қаріптердің емле-ережелерін өздері дайындаған оқу-әдістемелік құралы негізінде түсіндіреді. Сабақтар студенттерге тегін ұйымдастырылады. Жобаға филология факультетінің деканы Болатбек Тілеубердиев жетекшілік етеді.

"Жалпы орталық құрылады. Оның негізгі мақсаты Елбасының бекіткен латын таңбасын орфоэпиялық, орфографикалық, жалпы емлелік мәселелеріне мән беруіміз керек. Осы туралы оқу әдістемелік жұмыстар жүргізіледі. Мұның жоспары біздің университетте түзіліп қойылған", - деді М.Әуезов атындағы ОҚМУ филология факультетінің деканы Болатбек Тілеубердиев.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары