Шымкентте матаға оралған сәбидің денесі табылды

12 маусым, 2018, 14:52 1649 Оңтүстік Қазақстан облысы
Шымкентте матаға оралған сәбидің денесі табылды

Нәрестенің денесі ақ матаға оралған.

Шымкентте матаға оралған жаңа туған нәрестенің денесі табылды, деп хабарлайды BNews.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Сәби таңертеңгі уақытта табылған. ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы Салтанат Қаракөзованың айтуынша, ұл баланың өлі денесі табылған орында қазір Абай аудандық ішкі істер бөлімінің тергеушілері тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, өйткені оқиға сол ауданның аумағында болған.

Сәбидің денесі ақ түсті матаға ораулы болғаны белгілі. Қазіргі уақытта оны мәйітханаға алып кеткен. Сарапшылар баланың қандай жағдайда қаза тапқанын анықтау жұмыстарын жасап жатыр. Ал полиция нәрестенің анасын іздестіруде.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар