Шымкентте мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы жоғарыламақ

29 тамыз, 2018, 15:43 5005 Шымкент
Шымкентте мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы жоғарыламақ

Үнемделген қаржы мемлекеттік қызметкерлердің жалақысына үстеме ретінде төлеуге бағытталмақ.

Шымкент қаласындағы мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы жоғарылайды. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Әли Көмекбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

2018 жылдың басынан бері Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бастамасымен еліміздің бірқатар облысында жалақы төлеудің жаңа пилоттық жүйесі іске қосылған. Соның нәтижесінде мемлекеттік қызметкерлердің айлық жалақысы жоғарылап отыр.

Шымкент қаласы бойынша департамент басшысының айтуынша, мысалы, департаменттің бас маманының лауазымдық жалақысы 91 мың теңгеден 219 мың теңгеге дейін көтеріліп отыр. Бұған қоса Агенттік төрағасының тапсырмасы бойынша бос лауазымдарды 20%-ға жеткізіп, үнемделген қаржы мемлекеттік қызметкерлердің жалақысына үстеме ретінде төлеуге бағытталмақ.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар