Шымкентте тойхана өртеніп, 550 адам эвакуацияланды - Жаңалықтар | BNews

Шымкентте тойхана өртеніп, 550 адам эвакуацияланды

Шымкентте тойхана өртеніп, 550 адам эвакуацияланды

Тойханада басталған өрт, көршілес орналасқан құрылыс дүкенін де шарпыған.

Жексенбі күні "Алтын ана" тойханасы мен құрылыс дүкенінде түскі сағат 14.00-де өрт шықты. Оқиға орнынан 550 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды BNews.kz.

Қайғылы жағдайдың алдын алу үшін полиция қызметкерлері өртеніп жатқан ғимарат жанындағы 90 пәтерлі үш көпқабатты үйдің тұрғындарын, бес дүкен келушілерін, дәмхана, екі дәріхана, ломбард пен басқа да мекемелердің адамдарын қауіпсіз жерге көшірді.

Төтенше жағдай орнында Шымкент қаласының Еңбекші аудандық ІІБ қызметкерлері мен қаланың өрт сөндірушілері жедел әрекет етті. Олар қызыл жалынның тікелей қасында тұрған екі автокөлікті де қауіпсіз жерге көшірді.

Тілсіз жауды сөндіру үшін өртке қарсы қызметтің 81 қызметкері мен 11 техника жұмылдырылды. Өрт  толығымен сағат 17.08-де ауыздықталды.

Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Тергеушілер өрттің неден шыққанын анықтауда.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары