Шымкентте жасөспірім пойыздың астына түсіп қаза тапты

26 шілде, 2018, 10:57 3781 Шымкент
Шымкентте жасөспірім пойыздың астына түсіп қаза тапты

Куәгерлердің айтуынша, жеткіншек Манкент станциясына келіп тоқтаған пойыздың астынан еңкейіп өткенде келесі жолақта жүйткіп келе жатқан пойыздың астына түскен.

Манкент стансасында белгіленбеген жерден өтпек болған 16 жастағы жасөспірім пойыздың астына түсіп кеткен. Қауіпті аймақтағы қайғылы жағдайлардың жиілеп кеткеніне алаңдаулы жауаптылар халықпен кездесті. Түсіндіру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды BNews.kz kz.otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Жауаптылардың сөзіне қарағанда, жазатайым жағдай 17 шілдеде орын алған. Куәгерлер жеткіншек Манкент станциясына келіп тоқтаған пойыздың астынан еңкейіп өткенде келесі жолақта жүйткіп келе жатқан пойыздың астына түсіп, оқиға орнында бірден қайтыс болғанын айтты.

Қала тұрғыны Құмра Азимова балалардың пойыздың астынан ары-бері ойнап жүретінін айтты.

"10-сыныпқа баратын бозбала еді. Ауылға енді ғана көшіп келген. Әлі бұл жерді білмейді. Балалар пойыздың астынан ары-бері ойнап жүреді. Осы жерде сондайды көп байқаймын", - деді Шымкент тұрғыны.

Апатты жағдайдан кейін Шымкент станциясындағы ішкі істер желілік бөлімі өкілдері мен теміржол саласының қызметкерлері халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтті. Айтуларынша, тұрғындардың темір жол торабын белгіленбеген жерден кесіп өтуі тіркелген қайғылы оқиғалардың барлығына дерлік себеп болып отыр. Осыны түсіндірмек болған жауаптыларға тұрғындар уәждерін айтты. Жергілікті халық "жазатайым жағдайлар жиі орын алатын Манкент станциясын қоршау қажеттігін жылда айтамыз, нәтиже жоқ" дейді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар