Шымкентте жер сілкінісі болды - Жаңалықтар | BNews

Шымкентте жер сілкінісі болды

Шымкентте жер сілкінісі болды

Сейсмологтардың айтуынша, күші 3 балға жеткен жер асты дүмпуі көршілес Тараз қаласында да сезілген, деп хабарлайды BNews.kz.

Қала тұрғындары бүгін түскі сағат 13.09-де жер асты дүмпулерін сезді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ғылым комитетінің сейсмологиялық тәжірибелі-әдістемелік экспедициясында атап өткендей, зілзаланың кіндігі Алматының оңтүстік -батысынан  894 шақырым жерде болған.

"Сейсмикалық стансалардың желісі ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ 31-ші қаңтарда Алматы уақытымен сағат 13.07-де жер сілкінісін тіркеді. Оның ошағы Алматыдан 894 шақырым жердегі Ауғаныстан аумағында болды", - делінген хабарламада.

3-4 балдық жер асты дүмпулері көрші Тараз қаласында да сезілген.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары