Шымкентте "Гараж" кафесі өртеніп кетті

Написать нам
11 мамыр, 2018, 18:06 3291 Оңтүстік Қазақстан облысы
Шымкентте 

Жалын өртенген ғимараттың жанындағы тоғыз қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатына дейін жетті.

Шымкентте Республика даңғылында орналасқан "Гараж" кафесі өртеніп кетті, деп хабарлайды BNews.kz. Куәгерлердің айтуынша, өрт 11 мамырда шамамен сағат 16.00-де басталған.

Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің 13 бірлік арнайы техникасы мен 60 қызметкері келді. Өртенген ғимаратқа жақын орналасқан тұрғын үй мен әкімшілік ғимараттың тұрғындары эвакуацияланды. Өрт сөндірушілер жалынның жақын маңдағы ғимараттарға жайылып кетпеуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. 

Төтенше жағдайлар комитетінде атап өткендей, қазіргі уақытта өрт аумағы есептеліп жатыр.

"Өрт сағат 16.58-де ауыздықталды. Алайда әлі толық сөндірілген жоқ. Екі адам құтқарылды. Өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр", - деді құтқарушылар.

Шымкент қаласының медициналық жедел жәрдем станциясы қызметкерлерінің сөзінше, кафеге келушілер мен қызметкерлер зардап шеккен жоқ. Алайда, ғимарат қасынан өтіп бара жатып, өртті көргендіктен, жағдайы нашарлаған екі кісіге медицина қызметкерлерінің көмегі қажет болды.

"Өрт сөндіру қызметі жеке құрамының қарқынды жұмысының нәтижесінде жалын сағат 17.32-де сөндірілді. Өрт аумағы есептеліп жатыр. Өртті сөндіруге кафенің ағаштан салынғандығы қиындық туындатты", - деп атап өтті Төтенше жағдайлар комитетінде.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар