Шымкенттегі колледжде "Sanaly urpaq" фронт офисі ашылды

05 желтоқсан, 2018, 18:07 2293 Шымкент
Шымкенттегі колледжде

Сондай-ақ, оқу орынында "Адалдық дүкені" есігін ашты.

Шымкент қаласындағы Жол-көлік колледжі ғимаратында алғаш рет "Sanaly Urpaq" фронт-офисі ашылды, деп хабарлады жемқорлыққа қарсы қалалық департаменттің баспасөз қызметі.

Ашылу салтанатының лентасын қиған ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Айбек Шілманов пен қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары А.Текебаева "Sanaly Urpaq" фронт-офисі қызметінің басым бағыттарын атады.

"Білім беру саласы жастардың білім беру ғана емес, рухани және мәдени дамуының факторы болып табылады, ол тәрбие үдерісіне белсенді қатысады. Сондықтан білім беру мекемелерінің қабырғасында негізгі өмірлік ұстанымдар мен адами құндылықтар қалыптасады. Бүгінгі фронт-офисті ашуымыздың да мақсаты - білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықты жою, білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлықты жалпы қабылдамау үшін жағдай жасау және де білім беру мекемелерінде озық тәжірибені одан әрі пайдалану үшін пилоттық бағыттарды іске асыру болып табылады", - деді Айбек Шілманов.

Сондай-ақ, колледж ғимаратында "Адалдық дүкенінің" ашылу рәсімі өтті. "Integrity Shop" жұмысы өзіне-өзі қызмет көрсету жүйесі бойынша ұйымдастырылды. Мұнда оқытушылар мен студенттер өздеріне қажетті заттарды алып, алынған тауар үшін ақшаны кассалық жәшікке қалдырып, есеп айырысады. Яғни, дүкенде сатушы жоқ, затты сатып алушылар өз-өздеріне қызмет көрсететін болады.

Сондай-ақ, колледжде өткен іс-шаралар барысында студенттер флешмоб ұйымдастырды.

Айта кету керек, бұған дейін "Адалдық дүкені" Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде ашылған болатын.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар