Шымкенттік дәрігерлер алғашқы рет шетел азаматының бүйрегін алмастырды - Жаңалықтар | BNews

Шымкенттік дәрігерлер алғашқы рет шетел азаматының бүйрегін алмастырды

Шымкенттік дәрігерлер алғашқы рет шетел азаматының бүйрегін алмастырды

Қазақстанда мұндай ота жасату шетелдіктерге әлдеқайда арзанға түседі.

Шымкентте дәрігерлер алғаш рет шетел азаматына ағза алмастыру отасын жасады. Шымкенттік ақ халаттылар германиялық азаматқа өзгенің бүйрегін салып берді. Күрделі ота Шымкент қалалық жедел жәрдем ауруханасында өтті, деп хабарлайды BNews.kz ОҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкенттің дәрігерлері Израильден келген науқастың бүйрегін алмастырып, шетелдік әріптестеріне медицинада мықты екендерін тағы да дәлелдеп берді.

Дәрігерлер өзге елден келген 50 жастағы азаматқа күрделі ота жасады. Хирургтар оған туысының бүйрегін салып берді. Донор да шетелдің тұрғыны.

Дәрігерлер шетел азаматының Шымкентте ота жасауы сәйкестік емес дейді. Өйткені Қазақстанда ағза алмастыру отасы әлдеқайда арзан. Әрі ота жасау үшін білікті мамандар да, техникалық құрылғылар да жеткілікті. Әсіресе, Шымкент қалалық жедел жәрдем ауруханасы трасплантациялық операция жасауда үздік екендерін дәлелдей білген. Білікті дәрігер Мәди Биғалиевтің басшылығымен аурухана базасында бүгінгі күнге дейін 100-ге жуық ағза алмастыру отасы жасалған.

Шымкенттік дәрігерлер тағы да кезекте тұрған екі шетел азаматына ағза алмастыру отасын жасауды жоспарлап отыр. Науқастар өздерімен бірге донор да алып келмек. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өзге елден келетін науқастардың саны жыл санап артып келеді. Басым бөлігі Қазақстандағы стоматологиялық қызметке жүгінеді екен.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары