ШҚО ғалымдары жасырын пайдалы қазбаларды іздеудің жаңа технологиясын әзірледі

30 маусым, 2017, 17:51 510
ШҚО ғалымдары жасырын пайдалы қазбаларды іздеудің жаңа технологиясын әзірледі

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мен «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес компаниясы болып табылатын «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ қолдауымен Қазақстандық ғалымдар тобы Шығыс Қазақстан аумағында алтын және сирек металл объектілерін болжамдау және іздеудің жаңа технологиясын әзірледі, деп хабарлайды Вnews.kz.

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің ғалымдары жүргізген зерттеулер Шығыс Қазақстандық алтын белдеуіндегі флангтерде және терең көкжиектерінде жаңа кен объектілерін анықтау үшін жол ашып отыр.

Сирек металдар бағыты бойынша Қарасу, Ново-Ахмировское, Алаха, Чердояк, Қара-Аяқ тәрізді объектілер бойынша минералданудың «дәстүрлі емес» түрлерін бағалау жөнінде ғылыми-тәжірибелік ұсыныстар әзірленген.

Әзірленген технология іс жүзінде Қара-Аяқ учаскесіндегі барлау жұмыстарында көрініс тапты, бұл жұмысты ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің тапсырысы бойынша «Топаз» Жер қойнауын зерттеу компаниясы» ЖШС атқаруда.

Бұдан басқа ғалымдардың ұсыныстары 25-тен астам шетелдік және республикалық басылымдарда, оның ішінде рейтингілік журналдардағы монографиялар мен мақалаларда келтірілген.

Жобаның жұмысына геологиялық-минералдық ғылымдардың докторы, профессор, академик Бориc Дьячковтың басшылығымен 12 ғалым қатысқан. Оның айтуынша бұл жобаны іске асыру арқылы елдің минералдышикізаттық базасын нығайтуға, сол арқылы Қазақстанның экономикасын жақсартуға мүмкіндік туады.

Аталмыш жобаны іске асыруға 2011 жылы инновациялық грант есебінен 14 млн. 908 мың теңге қаржы бөлінген.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Шығыс Қазақстан облысы #ғылыми-тәжірибелік ұсыныстар

Читайте также

Похожие новости