ШҚО мектептерінде қолайсыз күн райына байланысты сабақ болмайды

15 қаңтар, 2019, 10:19 1680 Шығыс Қазақстан облысы
ШҚО мектептерінде қолайсыз күн райына байланысты сабақ болмайды

Өскемен қаласының үш ауданында оқитын оқушылар мектепке бармайды.

Шығыс Қазақстан облысының мектептерінде ауа райының қолайсыздығына байланысты сабақ болмайды, деп хабарлайды BNews.kz yk-news.kz-ке сілтеме жасап.

Өскемен қаласында жел күшейіп, көктайғақ болғандықтан, бірінші ауысымның 1-4 сынып оқушыларына сабақ болмайды; Алтай ауданында (бұрынғы Зырян ауданы) қатты аяз (-34°С) салдарынан бірінші және екінші ауысымның 1-11 сынып оқушылары, сондай-ақ колледждердің I-II курс студенттері сабақ оқымайды; Қатонқарағай ауданында да сол себепті бірінші ауысымның 1-4 сынып оқушыларына сабақ болмайды; сонымен қатар Көкпекті ауданында (-29°С, желдің екпіні 2 м/с) бірінші ауысымның 1-11 сынып оқушылары мектепке бармайды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар