ШҚО тас жолдарында адамдар мен көліктерді эвакуациялау аяқталды

21 қаңтар, 2019, 18:20 1620
ШҚО тас жолдарында адамдар мен көліктерді эвакуациялау аяқталды

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті таратқан соңғы мәлімет бойынша, қар құрсауында 700 адам қалған.

Осы уақыттағы жағдай бойынша Шығыс Қазақстан облысында қар құрсауында қалған көліктер мен ондағы адамдарды эвакуациялау жұмыстары толығымен аяқталды. Бұл туралы "Қазақавтожол" ЖШС-дан мәлім етті, деп хабарлады ҚазАқпарат.  Кешеден бері боран салдарынан "Алматы-Өскемен" тас жолының 683-686 шақырым аралығында 200-ден астам көлік қаңтарылған болатын. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті таратқан соңғы мәлімет бойынша, қар құрсауында 700 адам қалған. Қазір олардың соңғы тобы үйлеріне жол тартты. Мәліметке сүйенсек, сағат 15.40-та барлық көлік түрлері үшін жол қайта ашылды. Оны кеңейте түсу үшін 9 техника әлі де дамылсыз жұмыс істеуде.

"Тәулік бойы жауған қар мен бораннан көліктер қаңтарылып, төрт қатарға тізіліп қалған болатын. Осының салдарынан қозғалысты қалпына келтіру қиынға соқты. Негізінен жол екі жолаққа ғана арналған. "Қазақавтожол" мекемесінің күшімен және Төтенше жағдайлар комитетінің көмегімен 200-ден астам көлік шығарылып, 400-ден астам адам қауіпсіз жерге көшірілді", - делінген мекеменің баспасөз-мәліметінде.

Дегенмен, өңірде ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту әлі де сақталады. Кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 20 метрге жеткен. Сондықтан, "Қазақавтожол" мекемесі тұрғындарды алыс сапарға шықпауға шақырып отыр.

"Жолда қалған жолаушылар мен көлік иелері елдегі жолдардың жағдайын  +7 7172 444 777 диспетчерлік нөмірі арқылы немесе +7 771 7444 777 WhatsApp нөмірі арқылы біле алады" - делінген хабарламада.  Аталған нөмірлер арқылы көлік істен шыққан орын туралы фото мен бейнематериалдар жіберуге де болады.  

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Шығыс Қазақстан облысы #жол жабылуы #жүргізушілер

Читайте также

Похожие новости