ШҚО тұрғындары «Қазпошта» АҚ арқылы мемлекеттік қызметті ала алады

11 сәуір, 2017, 13:00 747
ШҚО тұрғындары «Қазпошта» АҚ арқылы мемлекеттік қызметті ала алады

Шығыс Қазақстан облысында Қазпошта бөлімдері арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша пилоттық жоба іске қосылды, деп хабарлайды BNews.kz.

Енді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация фронт офистері жоқ елді мекен тұрғындары аудан орталықтарына бармай және мобильді ХҚКО келуін күтпей, 70-тен астам сұранысқа ие мемлекеттік қызметті ала алады. Қазпошта қызметкерлері құжаттарды қабылдап, жақын орналасқан халыққа қызмет көрсету орталығына рәсімдеу үшін жолдайды.

Пилоттық жоба шеңберінде ауыл тұрғындары Қазпошта арқылы әскери билет және оның телнұсқасын алу, соттылығы бар немесе жоқтығы туралы анықтама беру, мекен-жай анықтамасын, БЖЗҚ-дан анықтама, туу туралы куәлік, әртүрлі жәрдемақыларды тағайындау сияқты және т.б. мемлекеттік қызметтерді ала алады.

Пилоттық жоба әзірге бір облыс шеңберінде іске асырылады, алайда бұл тәжірибені Қазақстанның барлық аймақтарына тарату жоспарда бар.

«Пошталық байланыс бөлімі арқылы мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттар тізімін ұсынып, мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініш жазу керек және қажет болған жағдайда мемлекеттік бажды төлеу керек. Қазпошта қызметкері құжаттарды қабылдап, тізімдерді қалыптастырғаннан кейін ең жақын орналасқан халыққа қызмет көрсету орталығына жолдайды. ХҚКО инспекторы қызметті рәсімдеп,  курьерлер арқылы дайын құжаттарды қызмет алушыларға жолдайды»,- деп хабарлады мемлекеттік корпорация басқармасының төрағасы Абылайхан Оспанов.

«Бұл Қазпоштаның қызметтер тізіміндегі тағы бір жаңашылық. Былтыр біздің пошта бөлімдері арқылы т/ж және авиа-билет сатыла бастады, жақында EXPO-2017 көрмесіне билет сату басталды. Біз тек қала тұрғындары қол жеткізе алатын қызметтермен ауыл тұрғындарын қамтамасыз етіп, ауыл мен қаланы байланыстырамыз. Енді мемлекеттік қызметтерді алу үшін ауыл тұрғындарына қалаға, аудан орталығына шығу қажет емес, олардың уақыт пен ақшаны айтарлықтай үнемдеуіне мүмкіндік бар», - деді «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасының м.а. Әлия Дықанбаева.

 

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Шығыс Қазақстан облысы #мемлекеттік қызмет

Читайте также

Похожие новости