ШҚО-да  "1000 ІТ-сынып" жобасының жүзеге асу барысы таныстырылды

03 тамыз, 2018, 13:10 3435 Шығыс Қазақстан облысы
ШҚО-да  

Қазіргі таңда бұл жерде "Нұр Отан" партиясының тегін ІТ-сыныптары жобасын жүзеге асыратын 544 мұғалім оқып жатыр.

Семейде білікті мамандар даярлайтын ІТ-орталықта БАҚ өкілдеріне арналған пресс-тур өтті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

Айта кету керек, ІТ-сыныптарының жаңа бағдарламасын Семейдің "Электр теxникалық колледжі" құрастырды. Қазіргі таңда бұл жерде "Нұр Отан" партиясының тегін ІТ-сыныптары жобасын жүзеге асыратын 544 мұғалім оқып жатыр.

Жаңа оқу жылында "Нұр Отан" партиясының бастамасымен қолға алынған жоба аясында 277 ІТ-сыныбы ашылады. Бүгінде барлық мектептерде 10+1 жабдықталуы бойынша кабинеттерге заманауи компьютерлер және 3D принтерлер орнатылу үстінде. Ал мұғалімдер белсенді түрде Электр теxникалық колледжі негізінде ашылған ІТ-орталықта оқытылуда. Бес аптаның ішінде ұстаздар тек визуалды бағдарламалау мен  3D модельдеу негіздерін ғана емес, Web-дизайн мен роботтандырылған жүйені де меңгереді.

"Дәріс бағдарламасы ІТ бағыттың жан-жақты негіздерін қамтиды. Оқыту уақыты 5 аптаны құрайды. Оның үшеуі теориялық білімге жұмсалса, қалғаны тәжірибелік жеке жұмыстарына арналады", - дейді колледж директоры Азат Сәрпеков.

Информатика пәнінің мұғалімі Нәйлә Байғұлжина оқуға Үржар ауданының Егінсу ауылынан келген. Қазір іс жүзінде тұңғыш рет соңғы үлгідегі принтерді қолдану мүмкіндігін берген 3D модельдеу модулін өтіп жатыр.

"Балаларды айтпағанда бізге, ұстаздарға 3D модельдеу модулі өте қызықты. Міне, осындай заттарды бағдарламалап, 3D принтерде шығардық. Мәселен, бала өзі бағдарламалаған затын шығарып, үйіне апарып көрсете алады. Біз ел болашағын тәрбиелеп жатырмыз, сондықтан "Нұр Отан" партиясының жобасы дәл керек уақытында іске қосылды", - дейді, ризашылығын білдірген Нәйлә Байғұлжина.

"Мұғалімдер үшін бұл курстың берері көп. Балаларды неге оқытып жатқанымызды, теxниканы не үшін әрі қалай қолдану керектігін білеміз, яғни, өзімізді сенімдірек сезінеміз. Әсіресе, алыстағы ауылдағы балалар үшін өте қызықты жоба екеніне сенімім зор. Олар бұл кабинетке келеді, тіпті қосымша уақыттар сұрайтын болады", - дейді зор сеніммен Глубокое ауданы Верхберёзовка ауылының орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Елена Ждяева.

Айта кету керек, сандық теxнологиялар ғасырында балаға материалды құр сипаттап беру аздық етеді. Сондықтан жаңа бағдарлама визуалдылықты негізге алады. Осылайша, тек бағдарламалауға ғана емес, конструктивті-сыни ойлау мен логиканы қалыптастыруға үйретеді.

"Осы жылдан бастап "Нұр Отан" партиясы 22 жаңа жобаны қолға алды. Солардың бірі – бүкіл Қазақстан бойынша балаларды тегін оқытатын "1000 ІТ-сынып" ашу. Бұл жоба мемлекеттік стандартпен қарастырылған информатика сабағын алмастырмайды. Балаларға арналған қосымша білім және болашақта кәсіби бағдарлауда өз ықпалын тигізеді", - деп атап өтті "Нұр Отан" ШҚОФ төрағасының орынбасары Олег Чугунков.

Жалпы, аталған жобаның құрастыру барысы толық партия бақылауында болды. Қазіргі жүзеге асыру кезеңі де қатаң қадағалауда тұр. Ең маңыздысы – 3 пен 11 сынып балаларын оқытуға арналған бағдарлама бүгінде ҚР білім және ғылым министрлігімен бекітілген.

"IT-сыныптарда оқыту бағдарламасы әр түрлі жасқа бейімдетілген: 3 пен 5 сыныптарға анимациясы бар ойын күйінде берілсе, 5-тен 8 сынып аралығы күрделілеу, ІТ-бағдарламалауды қосады, ал 8 бен 11 сыныптарда  практикалық, яғни, "Мехатроника", 3D бағдарламалау кіреді. ІТ-сыныптарындағы оқыту білім бағдарламасының вариативті бөлігі арқылы жүзеге асады", - деді  ШҚО әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова.

Дәрісті аяқтаған соң, қорытынды тапсырманы орындаған, бағдарламаны толық меңгерген мұғалімдерге бекітілген сертификаттар беріледі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар


Материалды әзірлегендер: