ШҚО-да 1200-ге жуық адам жәрдемақының жаңа түрін алады - Жаңалықтар | BNews

ШҚО-да 1200-ге жуық адам жәрдемақының жаңа түрін алады

01 тамыз, 17:46 1675 Шығыс Қазақстан облысы
ШҚО-да 1200-ге жуық адам жәрдемақының жаңа түрін алады

Жәрдемақы мөлшері шамамен – 29699 мың теңгені құрайды.

Елімізде жәрдемақының жаңа түрі енгізілді. Енді кәмелеттік жастан асқан бірінші топтағы мүгедектерге күтім жасап отырған қамқоршыларға жәрдемақы төленеді.

Бұл туралы аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бөлім басшысы Райхан Барлықова мәлім етті. деп хабарлайды BNews.kz Алтайньюске сілтеме жасап.

Биыл мемлекет тарапынан көрсетілетін мұндай көмекті 1200-ге жуық шығысқазақстандық отбасы алады деп жоспарлануда.

"Бұл заң ағымдағы жылдың бірінші шілдесінен бастап өз күшіне енді. Жәрдемақы мөлшері шамамен – 29699 мың теңгені құрайды. Айта кетейік, бұған дейін қаржылай қолдау тек 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі баланың ата-анасына не қамқоршысына ғана беріліп келген. Ал жаңа жәрдемақыны алу үшін халыққа қызмет көрсету орталығына барып, тиісті құжаттарды өткізу керек. Ол үшін мүмкіндігі шектеулі жанның және қамқоршысының жеке куәліктері, банктегі есепшот нөмірі, І топ мүгедектігін дәлелдейтін анықтама сияқты бірқатар құжатты жинау қажет", – дейді Райхан Барлықова.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары