ШҚО-да автокөлік мұз астына кетіп, зейнеткер қайтыс болды - Жаңалықтар | BNews

ШҚО-да автокөлік мұз астына кетіп, зейнеткер қайтыс болды

ШҚО-да автокөлік мұз астына кетіп, зейнеткер қайтыс болды

Ер адамның денесін үш метр тереңдіктен көтеріп алды.

"Nissan Almera" жеңіл автокөлігі Алғабас ауылынан 4 шақырым жердегі Бұхтарма су қоймасында мұз астына кетті, деп хабарлады "Қазинформ" ХАА.

Өскемен қаласының үш тұрғыны Бұқтарма су қоймасына балық аулау үшін келген. Балықшылар автокөлікпен мұзы жұқалау қамысты жерге келгенін байқамай қалған. Салдарынан автокөлік мұз астына кеткен. Екі 52 жасар жолаушы суға батқан автокөліктен шығып үлгірген. 68 жасар жүргізушіге  бұл қиынға соққан.  

Келесі күні таңертең ер адамның денесін үш метр тереңдіктен көтеріп алды.

"Екі ер адам өздігімен судан шыққан. Зардап шекендер құтқару қызметіне ұялы телефон арқылы хабарласып, көмек сұраған. Кешқұрым уақыт болғасын жүргізушіні іздеу шараларын таңертеңгі уақытқа қалдырды. Біздің бөлімше зардап шеккендерді Күршім ауылы жедел жәрдем дәрігерлеріне табыстады", - деді Шығыс аймақтық шұғыл құтқарушылар 9 бөлімшесінің бастығы Талғат Нұржанов.

Құтқарушылардың айтуынша, бұл мұз астына кетуге байланысты биыл тіркеліп отырған алғашқы қайғылы жағдай. Оқыс оқиға орын алған жердегі мұздың қалыңдығы 20 см болған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары