ШҚО-да балаларды құтқарғаны үшін колледж студенті марапатталмақ - Жаңалықтар | BNews

ШҚО-да балаларды құтқарғаны үшін колледж студенті марапатталмақ

31 қаңтар, 09:56 1116 Шығыс Қазақстан облысы
ШҚО-да балаларды құтқарғаны үшін колледж студенті марапатталмақ

Семейде құрылыс колледжі жатақханасында 26 қаңтарда өрт шығып, студент үш баланы аман алып қалды, деп хабарлайды BNews.kz Шығыс Қазақстан облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Берілген мәліметке сүйенсек, 26 қаңтар күні сағат 14.22-де "101"  қызметіне түскен хабарлама бойынша, құрылыс колледжінің №1 жатақханасында электрқалқан бөлмесінде электр желісі мен электр есептеуіштер өртенген.

Өрт сөндірушілер келгенше, жатақхана тұрғындары ғимараттан шыққан. Колледж қызметкерлері мен кейбір тұрғындар өрт сөндіргіштердің көмегімен жалынды сөндірген.

Өрт толығымен сөндірілген кезде, құжаттарды жинау барысында, 1997 жылы туған төртінші курс студенті Берекеев Жасұлан Талантұлының 4-қабаттағы №17 бөлмеден үш баланы құтқарғаны анықталды.

Студенттің айтуынша, оған қорқып тұруға да уақыт жетпеген – төтенше жағдай жылдам әрекет етіп, тез арада шешім қабылдауға тура келген. Қарапайым батыр үш баланы қалай құтқарып қалғанын әзірге өзі де түсіне қоймаған. Сондай-ақ, көк түтін ішінде үрейленбегендігі – оның азаматтық ұстанымы бар екенін тағы бір рет дәлелдей түсті.

Жасұлан құтқарған балалар, яғни 2 және 7 жастағы қыздар мен 4 жасар ұл бала қазір қауіпсіз жерде, олардың өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Колледж әкімшілігі мен Семей қаласының Төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы басшылығы студенттің ерлігін атап өтіп, оны марапаттау мәселесін талқылап жатыр. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары