ШҚО-да боранда жолда қалып қойған бірнеше автокөлік құтқарылды

21 қаңтар, 2019, 10:07 1137
ШҚО-да боранда жолда қалып қойған бірнеше автокөлік құтқарылды

Оқиға Үржар ауылына жақын маңда болған.

ШҚО-ның Үржар ауданында боранның салдарынан кептеліс пайда болды. Бірнеше газель, КАМАЗ бен 30-дан астам жеңіл автокөліктер кептелісте тұрып қалды, деп хабарлады Алтайньюс.

Кептеліс Үржар ауылына жақын маңда болған. Оқиға орнына үлкен қиындықпен жеткен құтқарушылар түнге дейін жолаушыларды құтқару операциясын жүргізді.

Таскескен ауылында аудандық әкімдіктің күшімен жылыту пункттері ұйымдастырылды. Барлығы 25 адам эвакуацияланып отыр, оның ішінде 4 бала бар. Сондай-ақ, Аягөзге дейін 25 автокөлік шығарылып салынды. Қазір жолдар қардан тазартылып жатыр.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Шығыс Қазақстан облысы #Ауа райы #көлік

Читайте также

Похожие новости