ШҚО-да демалыс орнында оқушы қыз қайтыс болды - Жаңалықтар | BNews

ШҚО-да демалыс орнында оқушы қыз қайтыс болды

ШҚО-да демалыс орнында оқушы қыз қайтыс болды

Жас бүлдіршіннің өмірін қиған оқиға бүгін түске дейін "Нұртау" демалыс орнында болды.

Ресми емес ақпарат бойынша табиғат аясында өскемендік оқушы сыныптастарымен бірге демалған. Балалар тиісті емес жерден сырғанап түскен, деп хабарлады Ustinka.kz.

Деректерге сәйкес, тиісті емес жерден екі адам түскен. Олар сырғанап жатқанда кедергіге тап болып, оқушы қыз ауыр жарақаттар алып, қайтыс болған.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері тергеу жұмыстарын жүргізуде. ШҚО ІІД бұл оқиғаға қатысты әзірше еш мәлімдеме жасаған жоқ.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары