ШҚО-да демалыс орнында қайтыс болған оқушының өліміне қатысты әкімшілік түсініктеме берді

28 ақпан, 2018, 18:07 1500
ШҚО-да демалыс орнында қайтыс болған оқушының өліміне қатысты әкімшілік түсініктеме берді

Өскемен қаласының 11-сынып оқушысы сырғанақ кезінде алған жарақаттарынан қайтыс болды.

Өскемен қаласының Білім басқармасында №32 орта мектептің 11-сынып оқушысының өліміне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды BNews.kz әкімшіліктің Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.

"Нұртау" демалыс орнына бару Денсаулық күні бағдарламасы аясында алдын ала жоспарланған. Сынып оқушыларының ата-аналары балаларды апаруға рұқсат беруді сұраған, мектеп әкімшілігі оқу кестесін ықшамдап, "Нұртау" демалыс орнына бару туралы шешім қабылдаған", - делінген мәлімдемеде.

Білім беру басқармасының мәліметінше, әр оқушымен техника қауіпсіздігі бойынша жеке әңгіме өткізілді. Мұның бәрі журналға тіркелген. Ата-аналардан баруға рұқсат алынып, мектептен демалыс орнына шығу туралы бұйрық әзірленген. Мектептен автобус жол полициясымен бірге 2018 жылдың 27 ақпанында сағат 9.00-де шыққан. Олардың ішінде 21 бала, сынып жетекшісі, ата-аналар комитетінің мүшелері болған. Балалар өздерімен бірге сырғанайтын үш баллон апарған.

"Сағат 10.53-те маған сынып жетекшісі телефон шалып, екі бала тиісті емес жерден сырғанап, біреуі ауыр жарақат алғанын айтты. Оның сөзінен түсінгенім оқушы қыз алған жарақаттарынан қайтыс болған. Біз қыз баланың анасы мен әжесі тұратын үйге барып қайттық", - деді №32 мектеп директорының орынбасары Г. Байзакова.

Сырғанақ кезінде тиісті емес жерден бірге түскен екінші оқушы үйінде. Оның қолы жарақаттанған. Сынып оқушыларымен психологтар жұмыс істеуде. Мектеп тарапынан оқушының отбасына материалдық көмек көрсетіледі.

Еске сала кетейік, кеше ШҚО-да демалыс орнында оқушы қыз қайтыс болғаны туралы хабарлағанбыз.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар