ШҚО-да "Нұрлы жер" аясында екі шағын аудан салынады - Жаңалықтар | BNews

ШҚО-да "Нұрлы жер" аясында екі шағын аудан салынады

ШҚО-да

Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында "Нұрлы жер" бағдарламасымен қос бірдей шағын аудан бой көтереді.

Ақсуат пен Ақжар ауылдарының әрқайсысында 100 үйден салынады. Мемлекет тұрғындарға су, жарық, жол сияқты инфрақұрылымдық жүйелерді тартып беруді өз мойнына алып, әрбір азаматқа 25 сотықтан жер береді, деп хабарлады 24.kz.

Көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларға да құрылыс материалдары техника жағынан жергілікті әкімдік көмек көрсетуді жоспарлап отыр. Қазір бұл мақсатқа жер бөлініп, жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп жатыр.

"Жалпы сол 25 сотық ішінде қысқа қарай картобын да, орамжапырағын да, бәрін жинап алса болады. Одан кейін сарай салып қойса, ол жерге мал бордақыласа. Бұл үлкен жақсы бағдарлама. 100 үйге деп жасап жатырмыз. Құны 300-400 миллион төңірегінде болады ғой деп жоспарлап отырмыз. Осыны Ақжарға да жасайық деп отырмыз. Ақжарда "Толағай" деп мөлтек ауданға жер беріп қойдық", - деді Тарбағатай ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаев.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары