ШҚО-да өрттен бір адам қаза тауып, екеуі зардап шекті - Жаңалықтар | BNews

ШҚО-да өрттен бір адам қаза тауып, екеуі зардап шекті

12 шілде, 12:27 2180 Шығыс Қазақстан облысы
ШҚО-да өрттен бір адам қаза тауып, екеуі зардап шекті

Облыста бір тәулікте екі өрт оқиғасы тіркелді.

Шығыс Қазақстанның Зырян қаласында көпқабатты үйден өрт шығып, 1956 жылғы әйел адам көз жұмды, деп хабарлайды BNews.kz.

4 қабатты үйдің екінші қабатынан шыққан өртті көршілері байқап, өрт сөндіру қызметін шақырған. Отқа оранған пәтерге өрт сөндірушілер терезеден кіріп, әйел адамның денесін сыртқа алып шықты. Өрт 20 минут ішінде ауыздықталды.

Ал Көкпекті ауданына қарасты Самар ауылында жер үй өртеніп, 1986 жылғы әйел 2011 жылғы баласымен бірге құтқарылды.

"Әйел 2 дәрежелі, бала 3 дәрежелі күйік алған. Қазір олар ауруханада жатыр. Өртті толық сөндіруге 4 сағат уақыт кетті" - делінген облыстық төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратта.

Қызыл жалын мұнда 200 шаршы метр аумақты шарпыған. Осылайша, бір тәуліктің ішінде тілсіз жаудың кесірінен бір адам көз жұмып, екі адам ауруханаға түсті.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары