ШҚО-да Рахман қайнарына апаратын жаңа тас жол салынбақ

23 Июня, 2017, 14:46 594
ШҚО-да Рахман қайнарына апаратын жаңа тас жол салынбақ |  | BNews.kz

ШҚО-да биыл Осинов асуын айналып өтетін жаңа жолдың құрылысы жүргізіледі. Рахман қайнарына, Зырян қаласына және осы бағыттағы барлық тұрғылықты жерлерге апаратын жаңа жолдың салынуы көпшілік күткен қуанышты жаңалық,  деп хабарлайды Вnews.kz.

«Қазірде жердің құнарлы бөлігі алынып, жол құрылысына дайындық жұмыстары басталып кетті. Толыққанды құрылыс жұмыстары шілде айында басталмақ. Сонымен қатар, 2017 жылы үш жылға жоспарланған Алматы-Өскемен, Омбы – Майқапшағай тас жолдарында күрделі жөндеу жұмыстары өткізіледі», – деді «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ ШҚОФ директоры Нұрланбек Өмірбаев.

Аймақта бүгінгі күні республикалық маңызы бар жолдар да жөндеуден өтіп қана қоймай, қосымша жабдықтар да орнатылады. Атап айтсақ, жолдың қауіпті бөлігінде жүргізушінің назарын аулау үшін дыбыс жолақтарын және жарық диодты жол белгілерін орнату жаспарланған.

Өз кезегінде облыс әкімі Даниал Ахметов жалпы жұмыс барысына оң бағасын бере отырып, жөндеу жұмыстары барысындағы проблемаларды да назардан тыс қалдырмауды тапсырды.

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13861

Похожие новости