ШҚО-да Ресейден Қытайға қатынайтын қысқа жол салынады - Жаңалықтар | BNews

ШҚО-да Ресейден Қытайға қатынайтын қысқа жол салынады

ШҚО-да Ресейден Қытайға қатынайтын қысқа жол салынады

Ол үшін Орталық-Шығыс дәлізі бойындағы бірнеше ірі автокөлік жолдарын жөндеуден өткізу тиіс.

Облыс басшылығы бес автожол жобасын жүзеге асыруды ойластыруда, деп хабарлайды BNews.kz Ustinka.kz-ке сілтеме жасап.

Олардың ішінде Омск – Майқапшағай, Таскескен – Бақты, Өскемен – Зырян – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнарлары тас жолдары бар. Бұл жолдардың ұзындығы 161 шақырымды құрайды.

Сонымен қатар, республикалық Алматы - Өскемен және Қалбатау - Майқапшағай автокөлік жолдарын қалпына келтіру жұмыстары да жоспарда бар.

"Осы тас жолдарды жөндеу арқылы Ресейдің Сібір ауданынан Қазақстан арқылы Қытайдың Суар провинциясына қатынайтын қысқа жол ашылады. Осылайша облыста Елбасы берген нақты тапсырмалар бойынша жұмыстар жүзеге асырылып жатыр", - деп атап өтті ШҚО әкімі Даниал Ахметов. 

Облыс басшысы аймақтық қоғамдық көлік және автокөлік жолдары басқармасына ШҚО үшін маңызды жобаларды жүзеге асыру жұмысын қадағалауды тапсырды. Биылғы жылы республикалық маңыздылығы бар 3414 шақырым жол жөндеуден өткізілуі тиіс.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары